НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Павлодарда үйдің кіреберісінде 10 айлық баланы анасы ұрып-соқты.
Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді. Факт Павлодар полициясының Солтүстік бөлімінде тіркелгені аталып өтті. 32 жастағы әйел баланың анасы екендігі анықталды.
"Билеуге шақырған": Шымбұлақта ер адам 14 жастағы баланы ұрып тастады - видео
Қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап ірі көлемде айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 40 тәулікке қамауға алуды қарастырады.
Қажетті сараптама тағайындалды.
Баланы дәрігерлер қарады. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, нәресте ауруханада жатыр.
Анасы 14, 12 жастағы және 10 айлық үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғаны анықталды.