Өңірлер

Павлодар тұрғыны үйдің кіреберісінде нәрестені ұрып-соқты – видео

CC0 / Myshanah / Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото
Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, олардың ең кішісі 10 айлық

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Павлодарда үйдің кіреберісінде 10 айлық баланы анасы ұрып-соқты.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, үлкен резонанс тудырды. Кейбір қолданушылар әйелді ата-ана құқығынан айыруға шақырса, басқалары жас ана босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырауы мүмкін екенін айтып жатыр. Енді біреулер видеодағы әйел шынымен де нәрестенің анасы екеніне күмәнданды.

Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді. Факт Павлодар полициясының Солтүстік бөлімінде тіркелгені аталып өтті. 32 жастағы әйел баланың анасы екендігі анықталды.

"Билеуге шақырған": Шымбұлақта ер адам 14 жастағы баланы ұрып тастады - видео

Қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап ірі көлемде айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 40 тәулікке қамауға алуды қарастырады.  

Қажетті сараптама тағайындалды.

Баланы дәрігерлер қарады. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, нәресте ауруханада жатыр.

Анасы 14, 12 жастағы және 10 айлық үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғаны анықталды.
 

Жаңалықтар
0