Оқиға

Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото

© Sputnik / СтрингерМашины столкнулись лоб в лоб
Машины столкнулись лоб в лоб - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Жол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik.  Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Оқиға орнында бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / СтрингерАлматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік апаты Қазцик кентіне жақын жерде болған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан.

© Sputnik / СтрингерToyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды
Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды

Әзірше, қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгісіз. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды.

Daewoo Nexia-да болған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux-тың жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.

© Sputnik / СтрингерЖол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты
Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты

Оқиға орнында Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының себептерін және жолды қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды.

Жаңалықтар
0