НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Оқиға орнында бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Sputnik / СтрингерАлматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
![Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021](https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17132989_0:0:2797:1260_1920x0_80_0_0_4d1d3710011398490394306462e5d79d.jpg)
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
© Sputnik / Стрингер
Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік апаты Қазцик кентіне жақын жерде болған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан.
© Sputnik / СтрингерToyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды
![Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021](https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17133065_0:0:1156:521_1920x0_80_0_0_9fbd388c79d94556084b64b6b86b205f.jpg)
Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды
© Sputnik / Стрингер
Әзірше, қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгісіз. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды.
Daewoo Nexia-да болған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux-тың жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.
© Sputnik / СтрингерЖол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты
![Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021](https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17133109_0:0:2774:1250_1920x0_80_0_0_f1dcb0996c3d9e9cc6c1d84cec87eb48.jpg)
Жол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты
© Sputnik / Стрингер
Оқиға орнында Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының себептерін және жолды қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды.