Оқиға

"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді

© Sputnik / Тимур БатыршинНа месте крушения самолета Ан-26
На месте крушения самолета Ан-26 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Осыдан тура бір ай бұрын Алматы әуежайына жақын маңда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. 13 наурызда Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы адамдарға алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын және сол сәттегі өз сезімдері жайлы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров жедел жәрдем қызметкерлері апат болған орынға дабыл бойынша шұғыл жөнелтілгенін айтты. Жедел жәрдем қызметінің басшылығы жеке автокөлікпен тез арада оқиға орнына жеткен.

© Sputnik/ Ольга ТонконогАлматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров
Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді: дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров

"Біз өте жылдам жеттік. Ол үшін жол полициясы қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мен олардың көлігін көрген сәтте тоқтап, аты-жөнімді, қызметімді және шұғыл түрде әуежайға жету керектігімді жеткіздім. Дабыл бойынша біздің барлық ішкі қызмет жұмылдырылып, он бригада әуежайға бет алды. Жақын маңда орналасқан ауруханаларға апат салдарынан зардап шеккендерді жаппай қабылдауға дайын болуы туралы ескертілді. Себебі о баста түрлі ақпарат келді. Бірі ұшақ десе, екіншісі тікұшақ апатқа ұшырады деді. Тіпті кейбірі ұшақ аспанда жанып кеткенін айтты", - деп еске алды Пархат Надыров.

Қоршаудан секіріп өтіп, апат орнына жетті

Ол оқиға орнына жеткен кезде Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері бірінші болып жеткенін көрген. Надыровтың айтуынша, олар қоршаудан секіріп өтіп, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатқанда, фельдшерлер жанып жатқан ұшақтан екі зардап шеккен азаматты алып шыққан. Осыдан кейін қалалық жедел жәрдем қызметі жетіп, аман қалғандар №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

"Осы ретте фельдшерлердің ерлігін атап өткім келеді. Олар үйлесімді түрде әрекет етіп, ұшақпен бірге жарылып кетуден қорыққан жоқ. Айналада керосин төгіліп жатты. Ол кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді. Өмірлерін қауіпке тікті. Мұның барлығы менің көз алдымда болып жатты", - дейді Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы.

Ол дәл сол фельдшерлер бір кездері алматылық станциялардың бірінде жұмыс істегенін айтты. Алайда белгілі бір себептермен облысқа көшкен. Бірақ қайта ауысқылары келген.

"Мен оларды біздегі жедел жәрдем қызметіне шақырдым. Енді олар осында еңбек етіп жатыр. Бұл олар жайлы айтуға да, жазуға да тұрарлық батыр азаматтар", - деді Пархат Надыров.

Батыр фельдшерлер

Рахымжан Гаитов пен Абдрим Абдрашитов Алматының жедел жәрдем қызметінде бір айдан бері жұмыс істеп жатқанын растады.

© Photo : из личного архива фельдшеровФельдшер Рахымжан Гаитов
Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді: дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Фельдшер Рахымжан Гаитов

Рахымжан Гаитов сол күні апат туралы қоңырау 17.50-де болғанын еске алды. Ең алдымен оның досы әрі әріптесі Абдрим Абдрашитов 10 бригада құрамында жолға шыққан. Одан кейін Гаитов мінген көлік жеткен.

"Ол келіп, зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті. Пациентті алып кетті, мен сол жерде қалдым. Ұшақ құлаған орынға барып, тағы да зардап шеккендер бар-жоғын білу үшін кабинаға кірдім. Ол уақытта зардап шеккендердің бірін Алматы жедел жәрдемі, екіншісін менің досым мінген медицина көлігі алып кеткен болатын. Ол жерде тағы төрт адамның мәйіті жатты. Біз жеткен кезде Пархат Талғатұлы сонда болды, ол көмектесіп, нұсқау беріп отырды", - дейді фельдшер.

Рахымжан Гаитов түнгі сағат 10-ға дейін оқиға орнында кезекшілікте болған.

© Photo : из личного архива фельдшеровАбдрим Абдрашитов
Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді: дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Абдрим Абдрашитов

"Апат жайлы хабарлама келген кезде біз қайда бара жатқанымызды және не істеу керек екенімізді білдік. Сондықтан жедел іске кірісіп, ештеңені ойламастан, алғашқы көмек көрсетіп, адам өмірін құтқару керек болды. Осыны ғана ойладым", - деп еске алды Рахымжан Гаитов.

Ал Абдрим Абдрашитов ол келген кезде ұшақтағы өрт сөндірілгенін айтты. Ол зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізген. Қалған бригадалар апат орнында жұмыс істеу үшін қалған.

"Әдеттегідей қоңыраудан кейін жеттік. Ұшақ күнде құлап жатпаса да, біз көңіл-күй мен сезімді екінші орынға ысырып қоямыз. Біз Пархат Талғатұлының жетекшілік етуімен өте жылдам әрекет еттік. Көмек көрсеттік. Мен өз көңіл-күйім жайлы ойлаған жоқпын. Мен үшін ең бастысы кәсіби міндетімді атқару болды", - деді фельдшер.

Айта кету керек, фельдшерлер толық жазылғаннан кейін ұшқыштармен кездескілері келетінін айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып құлады.

Оқи отырыңыз: Әскери ұшақ апаты: оқиға орнынан түсірілген видео

Ұшақ бортында алты адам болған. Төрт әскери қызметші оқиға орнында қаза тапты. Олар: аға лейтенант Досжан Баймұратов, сержант Евгений Васильков, лейтенант Мұхтар Сағынбаев және майор Ғабит Барлықбаев.

Екі әскери ғана аман қалды. Олар апат орнынан №4 қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа ұшыраған әуе көлігі ведомствоның авиация қызметіне қарасты екенін растады. Қазір ҰҚК оқиғаның анық-қанығын анықтап тергеу жүргізуде.

Жаңалықтар
0