13:25 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2067 0 0

Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Қайтыс болғандар – бір отбасының мүшесі.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 3 сәуір кешкі сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолы бойында болған. Шымкент тұрғыны "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – деп хабарлады полиция.

Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алды.

Оқи отырыңыз: Аршалы маңында жолаушылар пойызы бір үйір жылқыны басып кетті – жантүршігерлік видео

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша

Бұғы үйірі жолға шығып кетіп, көлікке соғыла жаздады – видео
Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін
Қалада бір үйір жылқы шауып өтті - видео
"Жүздеген жылқы қырылды": Қызылорда облысында тараған аурудың себебі анықталды 
Соғым сойылмады – Павлодар облысында бір үйір жылқы мұз болып қатып қалды
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып