Оқиға

Аршалы маңында жолаушылар пойызы бір үйір жылқыны басып кетті – жантүршігерлік видео

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуЖылқылар
Жылқылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір көлік полицейлері өлген малдың иелерін іздеп жатыр, бұл фактіге қатысты әкімшілік іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. "Аршалы – Анар" өткелінде 11 бас жылқы жолаушылар пойызының астында қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жантүршігерлік оқиға түнде болған.

"Петропавл-Қызылорда " бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі "Аршалы-Анар" өткелінде 11 бас жылқыны қағып кеткеннен кейін, көлікті шұғыл тежеді.

Бұл фактіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір көлік полицейлері өлген малдың иелерін іздестіріп жатыр.

Сонымен қатар, 16 ақпанда түнгі уақытта "Торғай-Сілеті" өткелінде жүк пойызы үш жылқыны қағып кетті. Машинист жылқылардың темір жол бойында жүргенін көргенмен, дер кезінде тоқтап үлгермеген.

Осыдан кейін Ерейментау стансасындағы желілік полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Тексеріс барысында малдың иесі анықталды. Ол Ерейментау ауданының 42 жастағы тұрғыны. Әйел темір жолда мал жайғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, оған 5 АЕК айыппұл салынды.  

Тағы оқыңыз: "Атом бомбасынан кем емес": Ғалымдар жылқының қазақ өмірін қалай өзгерткенін айтты

Көлік полициясы қараусыз қалған мал пойыздардың қозғалысына қауіп төндіретінін ескертті.

Жаңалықтар
0