Оқиға

Видеосы тарады: талдықорғандық шенеуніктердің біртүрлі әрекеті талқыланып жатыр

© Photo : официальный сайт премьер-министра Республики КазахстанТалдыкорган
Талдыкорган - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2021
Жазылу
Талдықорған әкімдігі оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Полицейлер хаттама толтырған

АЛМАТЫ, 14 наурыз — Sputnik. Желіде караоке-барда демалыс өткізген талдықорғандық шенеуніктердің видеосы пайда болды. 

Ролик авторы Қайрат Әбдірахманның айтуынша, ол бірнеше сағат бойы Талдықорған әкімдігі қызметкерлерінің әрекетін бақылаған. Олар караоке-барға қызметтік көлікпен келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкері (болжам бойынша) рөлге мас күйде отырып, әйелін соққыға жыққан кадрларды көрсетті. Автор видеода әкім орынбасары да бар екенін айтты.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік хабарлауынша, Алматы облысы бойынша аумақтық департамент тексеріс жүргізіп жатыр.

"Жоғары тұрған лауазымды тұлғаға тиісті шара қабылдау жөнінде хат жіберілді. Қазіргі уақытта Талдықорған әкімдігі қызметтік тексеріс жүргізуде", - деді ведомствода.

Алматы облысы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне 13 наурыз күні сағат 01:00-де патрульдік полиция "Беркут-163" автоэкипажы құрамында Kia Sorento көлігін тоқтатқанын жеткізді. Жүргізуші ішімдік ішкен. Ол Назарбаев көшесінде "Газпромнефть" жанармай стансасы маңында ұсталды.

"1991 жылы туған жүргізуші жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Ол Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің қызметкері", - деді полицияда.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, хаттама толтырылды. Алдағы уақытта материалдар сотқа жіберіледі. Тәртіпбұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Сондай-ақ 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы ықтимал.

Жаңалықтар
0