Оқиға

Қора ішінде итті атып өлтірген сәт түсірілген видео желіде тарады

Ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Кадр сыртында ер адамның кейіс білдіріп сөйлегеніне қарағанда ит қорадағы қойға шапқан болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Ондаған қой қамалған қора ішінде итті атып өлтірген видео Instagram желісіндегі Qazaqelim парақшасында жарияланды.

Видеода қора ішіндегі қойлардың бір бөлігі қимылсыз, ал енді бірі тұяқ серпіп жатқаны көрінеді. Үрке қашып жүрген қойлар да бар.

Қораның терезе жақ тұсында тілі салақтаған тайыншадай итті ашуға бой алдырған ер адам бірнеше рет атып салды.

Бірінші рет атылған оқтан кейін, кадр сыртында: "Добивай, добивай, пока голову поднял, добивай" деген дауыс естіледі.

Содан кейін екінші рет оқ атылып, ит сеспей қатады.

Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Ер адамның кейіс білдіріп сөйлегеніне қарағанда ит қорадағы қойға шапқан болуы мүмкін.

Алайда видеоның астына қалдырылған оқырман пікірлері екіге жарылған. Кейбіреулер ит құтырған болуы мүмкін десе, енді бірі, керісінше ит азапқа ұшырады деп санайды.

Оқи отырыңыз: Павлодарлық Хатико иесін бес күннен бері аялдамада күтіп жүр – видео

Айта кетейік, соңғы бірнеше айда жануарларға қатыгездік көрсету фактілері қазақстандық БАҚ-та жиі жарияланып жатыр. Біршама уақыт бұрын Атырауда итті көлікпен сүйреп азаптаған оқиға желіде тараса, өткен аптада Шымкент көшесінде көздері зақымданған ит табылды.

Жаңалықтар
0