Өңірлер

Павлодарлық Хатико иесін бес күннен бері аялдамада күтіп жүр – видео

© Photo : Engin AkyurtИт
Ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Алдағы күндері павлодарлық еріктілер Хатикоға тағы баруға ниетті. Егер иесі әлі де келмеген болса, оны жануарларды оңалту орталығына тапсыруды ойластырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Трамвайдан түскен барлық жолаушыларды мұқият "тексеретін" ит бес күннен бері аялдамада иесін күтір жүр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым дерегінше адамдар өткен жұмадан бері тәулік бойы аялдамада маңында жүрген итті байқай бастаған. Трамвай жүргізушілері мен кондукторлар да оның бірнеше күннен бері осы маңнан кетпегенін айтады.

"Қандай жағдай болғанын білмеймін. Бірақ ит қозғалысқа кедергі келтірмейді", – дейді трамвай қозғалысы қызметі бастығының орынбасары Игорь Алейник.

Басқа павлодарлықтар сияқты олар да адам досының тағдыры үшін алаңдаулы. 

Ал жануарларды қорғау еріктілерінің айтуынша, иттің денсаулығы жақсы әрі оның біреуді қатты күтіп жүргені көзінен сезіледі.

"Мүмкін ит иесін шығарып салып, күтіп жүрген шығар. Бәлкім, бір жағдай болып қайтып келе алмай қалды ма екен?!. Ол жағы бізге беймәлім. Бірақ иттің тағатсыздана күтіп жүргені анық", – деп түсіндірді жануарларды оңалту орталығының жетекшісі Мария Гребенкина.

"Жануарлар адал жаратылыс иесі. Тіпті, олар кішкентай балаларға да ұқсайды. Адамдарға, ата-аналарға қалай еркелейтінін айтсаңшы. Бойында кішкентай балалардың зеректігі болғандықтан, үйде болмаған кезімізде олар бізді кәдімгідей сағынатыны рас", – дейді орталық жетекшісі.

Осы күндері адамдар итті тамақтандыруға тырысқанымен, оның тамаққа тәбеті жоқ. Онымен қоймай көлік қозғалысына да ешбір кедергі келтірмейді. Адамдарға да үрмейді.

Оқи отырыңыз: Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай – фото

Алдағы күндері павлодарлық еріктілер Хатикоға тағы баруға ниетті. Егер иесі әлі де келмеген болса, оны жануарларды оңалту орталығына тапсыруды ойластырып отыр.

Жаңалықтар
0