Өңірлер

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды – видео

CC0 / / Девочка смотрит в окно
Девочка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2021
Жазылу
Нұрия терезеден аулалардың бірінде тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған, ол дереу әкесіне хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған, деп хабарлады Polisia.kz.   

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.

Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көлік құралдары тұрған. Ол басқа көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын құтқару үшін полицияға телефон соқты 

Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен.

Осылайша кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апаттың жолы кесілді.   

Жаңалықтар
0