Қоғам

Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын құтқару үшін полицияға телефон соқты

© PhotoТұрмыстық зорлық-зомбылық, иллюстративті сурет
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уческелік инспекторлар жедел алдын алу шаралары барысында 263 мың үйді аралап шықты, 23 мың тұрғын жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жеті жасар қыз анасын мас әкесінен құтқару үшін полицияға хабарласты.

Учаскелік инспектор дереу оқиға орнына жетті.

Белгілі болғандай, 43 жастағы отағасы ішімдік ішіп үйде ұрыс шығарған, кейін әйелін ұра бастаған. Мұны көріп, қорқып қалған қыз полицейлерге хабарласты.

Учаскелік инспектор ер адамның атына аңшы мылтығы тіркелгенін анықтады. Қару тәркіленді.

Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шаралары жүргізілгелі бері 263 мың үйді аралап шықты. Есепте тұрған 14 мыңға жуық адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Жалға берілген 2 922 пәтер анықталды.

23 мың тұрғын, соның ішінде 284-і – отбасылық жанжал мен қол көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0