АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Екатеринбург автожолында күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы Қарағанды облысының экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 желтоқсан сағат 06:00 шамасында Шет ауданында Қошқарбай ауылынан 2 шақырым жердегі Алматы-Екатеринбург автожолының 912 шақырымында MAZ маркалы жүк көлігі аударылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна күкірт қышқылын тасымалдаған.
"Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы мөлшері шамамен 20 тоннаны құрады, сегіз тонна күкірт қышқылы төгілді. Төгілудің жалпы ауданы 80 шаршы метр", - делінген департамент таратқан ақпаратта.
Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыстарды SaryArka Copper Processing тау-кен металлургия компаниясының қызметкерлері жүргізеді.
Сонымен қатар департамент топырақ сынамасы нәтижелері туралы қосымша хабарлайтындарын жеткізді.