Оқиға

Қарағанды облысында жолға сегіз тонна күкірт қышқылы төгілді

© Photo : Департамент экологии по Карагандинской областиРазлив серной кислоты на автодороге Алматы - Екатеринбург
Разлив серной кислоты на автодороге Алматы - Екатеринбург - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мамандары талдау үшін топырақ сынамасын алды

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Екатеринбург автожолында күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы Қарағанды облысының экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 желтоқсан сағат 06:00 шамасында Шет ауданында Қошқарбай ауылынан 2 шақырым жердегі Алматы-Екатеринбург автожолының  912 шақырымында MAZ маркалы жүк көлігі аударылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДЕПАРТАМЕНТ ЭКОЛОГИИ (@departament_ecology_krg)

Сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна күкірт қышқылын тасымалдаған.

"Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы мөлшері шамамен 20 тоннаны құрады, сегіз тонна күкірт қышқылы төгілді. Төгілудің жалпы ауданы 80 шаршы метр", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыстарды SaryArka Copper Processing тау-кен металлургия компаниясының қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар департамент топырақ сынамасы нәтижелері туралы қосымша хабарлайтындарын жеткізді.

Жаңалықтар
0