Оқиға

Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты

© Photo : ТЖМ баспасөз қызметіКентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты
Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт туралы хабар "101" пультіне 5 желтоқсан сағат 22:58-де түсті. Кентауда үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққан.

© Photo : ТЖМ баспасөз қызметіӨрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сағат 23:20-да ауыздықталып, он минуттан кейін толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен 4  техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0