https://sputnik.kz/20201206/Qazposhta-ort-15663155.html
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды 06.12.2020, Sputnik Қазақстан
2020-12-06T12:57+0500
2020-12-06T12:57+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/06/15663022_0:80:1281:804_1920x0_80_0_0_f6358df060deda5355fcf4274827cb57.jpg
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/06/15663022_0:40:1281:844_1920x0_80_0_0_55f9794fd77707de93e51f7395147d2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, қазпошта
түркістан облысы, қазпошта
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты
12:57 06.12.2020 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қоймада қағаз жанып жатқан, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт туралы хабар "101" пультіне 5 желтоқсан сағат 22:58-де түсті. Кентауда үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт сағат 23:20-да ауыздықталып, он минуттан кейін толығымен сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.