03:00 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
217 0 0

Әлеуметтік желідегі хабарларға қарағанда, пышақпен қаруланған мас адам қашып кеткен досының соңынан қуып келген

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматыда дәмхана терезесінің әйнегін пышақ сабымен соғып жатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Алматы қаласы полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, тұтқындалған С. есімді азамат 1969 жылы туған және дәмхана орналасқан үйдің тұрғыны.

"Куәгерлердің айтуынша, ер адам пышақпен досына шабуыл жасаған. Екеуі де Алмалы ауданы полиция басқармасына жеткізілді. С. есімді азаматтың досы шағымданудан бас тартты", – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері олардың алкогольмен мастану деңгейін анықтау үшін екеуін наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама олардың орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады.

Оқи отырыңыз: Пышақ ұстап, ауылдастарының үйіне келді: ШҚО тұрғыны ұлы үшін кек алмақ болды

Аталған дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тақырып бойынша

Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады – видео  
Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
Пышақ жарақатын алып, бүкіл елді шулатқан шенеунік министрдің орынбасары болды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктерге пышақ ала жүгірді – видео
Кілт сөздер:
Алматы, бұзақы, оқиға
Загрузка...

Басты тақырып