НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматыда дәмхана терезесінің әйнегін пышақ сабымен соғып жатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қаласы полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, тұтқындалған С. есімді азамат 1969 жылы туған және дәмхана орналасқан үйдің тұрғыны.
"Куәгерлердің айтуынша, ер адам пышақпен досына шабуыл жасаған. Екеуі де Алмалы ауданы полиция басқармасына жеткізілді. С. есімді азаматтың досы шағымданудан бас тартты", – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері олардың алкогольмен мастану деңгейін анықтау үшін екеуін наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама олардың орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады.
Оқи отырыңыз: Пышақ ұстап, ауылдастарының үйіне келді: ШҚО тұрғыны ұлы үшін кек алмақ болды
Аталған дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.