Оқиға

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған ер адам изоляторда өлі табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, сот залы
Кісен, сот залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала нұсқа бойынша күдікті өз-өзіне қол жұмсаған, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Қызметтік тексеріс тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында тергеу изоляторында Сәтбаевта бес жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем ер адамның өлімін тіркеді.

"Өлімнің алдын ала себебі – суицид. Денесінде қандай да бір жарақат байқалған жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды полиция басқармасының жедел тергеу тобы келді.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеріс бастады.

Сәтбаевты дүрліктірген оқиға

Ауыр қылмыс Сәтбаев қаласында 23 шілдеде жасалды. Қалалық полиция бөліміне ер адам бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтып жүгінген. Іздеу жұмыстарына жүздеген ерікті мен жергілікті полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Бүлдіршін түнде көпқабатты үйдегі пәтерден табылды. Қызды зорлады деп айыпталған ер адам да сол жерде ұсталды.

Тағы оқыңыз: Сәтбаевтағы бүлдіршінді зорлау оқиғасына қатысты тың дерек шықты

Бүлдіршіннің жоғалып кеткені туралы хабар тараған бойда қалада тәртіпсіздіктер басталды.

Қала тұрғындары күдікті тұратын үйдің маңына жиналып, оны өздері жазаламақ болған. Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған. 

Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды. Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Қала билігі бала анасының қасында екенін мәлімдеді және тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырды.

Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.

Жаңалықтар
0