Өңірлер

Сәтбаевтағы бүлдіршінді зорлау оқиғасына қатысты тың дерек шықты

© Photo : Jeniffer Wai Ting TanБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отырған Сәтбаев тұрғынын екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Сәтбаевта бес жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Күдіктіні қамауға алу мерзімі оның ұсталған күнінен бастап есептеледі.

Сәтбаевты дүрліктірген оқиға

24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында ауыр қылмыс жасалды. Жоғалып кеткен бес жасар қыз белгісіз ер адамның пәтерінен табылды.

Бүлдіршінді бүкіл қаладан іздеді. Бала табылғаннан кейін күдікті тұратын үйдің маңына бір топ адам жиналды. Олар күдіктіні өздері жазаламақ болған. Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған.

Тағы оқыңыз: Сәтбаевтағы толқу: бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жасады

Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды.

Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.

Ер адам бүлдіршінді ұрлап, зорлады деп айыпталып отыр. Тергеу жүргізілуде.

Зардап шеккен қыз ата-анасымен бірге, психологтар мен арнайы дәрігерлер отбасымен күнделікті байланыста отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алды.

Жаңалықтар
0