03:06 22 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.93
  • EUR506.71
  • RUB5.55
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1361 0 0

Арыс қаласына жақын маңдағы полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек - Sputnik. Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды, деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"21 қыркүйекте жоспарланған жару жұмыстары кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кетті. Оқыс оқиға салдарынан контракт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 10 арнайы даярланған саперге жарқыншақ тиіп жараланды", - делінген хабарламада.

Әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Оларға қажетті медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр, деп мәлімет берді министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша

Ермекбаев Арыстағы жарылыс жайлы: қашқан жоқпын, қашпаймын да
Арыстағы жарылыс: Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Арыста жарылыс болды: тұрғындардың бірі зардап шеккен
Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып