НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 405-бабы "Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу" бойынша істі тергеп жатыр.
"Жиналған дәлелдер мен айғақтар негізінде 31 мамыр күні Алматы қаласы тергеу сотының шешімімен ұсталғандарға қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", -делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, үш күдікті бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазақстанда тағы бір ұйым экстремистік деп танылды
Қазір қылмыстық іс аясында қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.