Оқиға

Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталғандар отыратын темір тор
Сотталғандар отыратын темір тор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Күдіктілерге қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Алматыда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 405-бабы "Экстремистік ұйымның қызметіне қатысу" бойынша істі тергеп жатыр.

"Жиналған дәлелдер мен айғақтар негізінде 31 мамыр күні Алматы қаласы тергеу сотының шешімімен ұсталғандарға қатысты үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды", -делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, үш күдікті бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстанда тағы бір ұйым экстремистік деп танылды

Қазір қылмыстық іс аясында қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0