Оқиға

Астанадағы ірі өрт: құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты

© ДЧС г. АстаныАстанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
Астанада Хайвилл Қазақстан ғимараты өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өртену аумағы шамамен 1 200 шаршы метр болған

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Астананың сол жағалауында шыққан өртті төтенше жағдайлар қызметінің 67 қызметкері сөндірген.

Крупный пожар тушат на левобережье Астаны - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астананың сол жағалауында жойқын өрт шықты – видео

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 ақпанда кешкісін Астанада ірі өрт болды, Тұран көшесінде орналасқан Highvill Kazakhstan кеңсе ғимараты өртенген. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты. Өрт туралы хабар 21:11-де жетіп, бес минуттан соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру жасағы келген.

Құтқарушылар келгенде ғимараттың ішкі конструкциясы құлап, өртті кеңсенің сыртынан сөндіруге тура келді.

"Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды", - деп атап өтті ведомство.

Өрт 22:45-те ауыздықталып, 01:42-де толығымен сөндірілді.

© Департамент по чрезвычайным ситуациям г. АстаныАстанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
Астанада Хайвилл Қазақстан ғимараты өртенді - Sputnik Қазақстан
1/2
Астанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
© Департамент по чрезвычайным ситуациям г. АстаныАстанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
Астанада Хайвилл Қазақстан ғимараты өртенді - Sputnik Қазақстан
2/2
Астанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
1/2
Астанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді
2/2
Астанада "Хайвилл Қазақстан" ғимараты өртенді

Өртті сөндіруге елорданың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 67 адам және 17 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Болжам бойынша, өртену аумағы 1 200 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0