Елорда тынысы

Астананың сол жағалауында жойқын өрт шықты – видео

© Ксения Воронина Крупный пожар тушат на левобережье Астаны
Крупный пожар тушат на левобережье Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнында өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астананың сол жағалауында "Астана саябағы" аялдамасына қарама-қарсы, Тұран даңғылында көп қабатты ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдегендей, 13 ақпан күні кешкі сағат 21:11-де өртке қарсы қызмет пультіне Тұран даңғылындағы "Хайвилл Қазақстан" кеңселік ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабар түсті.

"Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамының 65 адамы мен 16 дана өрт техникасы жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы оқыңыз: Астанада жойқын өрт кезінде бір отбасы бес баласынан айырылды

Оқиға орнына жақын маңда құрылысы аяқталмаған ірі тұрғын үй кешені бар.

Жаңалықтар
0