18:24 26 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
166 0 0

Автоұрылар ұсталып, қамауға алынды

АЛМАТЫ, 25 шілде — Sputnik. полициясы көлікті айдап әкетіп, бағанаға соғылып қалған автоұрылады құрықтады.

Қалалық ІІД мәліметінше, таңғы сағат төрт кезінде "102" нөміріне Жұмалиев және Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында көліктерді торуылдап жүрген күдікті тұлғалар туралы хабар түседі.

Олар Mitsubishi Galant көлігін айдап әкеткен. Патурльдік полиция ұрылардың соңынан қуып, бірнеше жасақ жолды бөгейді.

"Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында, көлік жүргізуші рөлге ие бола алмай, бағанаға соғылды. Екі күдікті де ұсталды", — деп мәлімет берді Алмалы ауданы ІІБ басшысы Данияр Меңдебаев.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар полициядан қорқа ма?

Күдіктілер облысының тумалары болып шықты. Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұрылар Mitsubishi Galant көлігін Алатау ауданынан айдап әкеткен.

Күдіктілер жалған мемлекеттік нөмірлер тағып, көлік ұрлаумен айналысуды жоспарлаған екен. Қазір олардың басқа қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр, дейді Меңдебаев.

Бұдан бұрын БАҚ оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлағандай, шілденің 24-інен 25-іне қараған түні Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында атылған оқ үні естіліпті.

Тағы оқыңыз: Полиция Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрауы керек пе?

Тақырып бойынша

Алматыда төрт жасөспірім көлік айдап әкетіп, апатқа ұшырады
Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін айдап әкеткен
Қостанайда көлік жуушылар BMW айдап әкетіп, апатқа ұшыраған
Қарағанды облысында құны 30 миллион теңге көлікті айдап әкеткен
Кілт сөздер:
Алматы, полиция, тонаушылық, көлік ұрлау, ұры, күдіктілер, ұстау, қамауға алынды
Загрузка...

Басты тақырып