Оқиға

Жазғы лагерьдегі бала өлімі: полиция түсініктеме берді

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте жасөспірімді өлгенше сабағаны туралы айтылған

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Ақмола облысындағы "Арман" спорттық-сауықтыру лагерінде жазғы демалыста жүрген ер бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД Sputnik агенттігіне.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана маңындағы каналдан төрт баланың денесі табылды

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға туралы хабар 9 шілдеде Ақкөл ауданының өрт сөндіру кезекшілігіне түскен. 15-тегі жасөспірім "Арман" лагері маңында шомылып жүріп, суға кетіпті. Бала лагерьде демалыста болған.

"Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлайды департамент.

Астана мектептерінің бірінің 15 жасар оқушысы "Арман" лагерінде демалып жүріп қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Хабарламада баланың денесінен көгерген, терісі сыдырылған жерлер табылғаны айтылыпты. ІІД мәліметінше, бұл деректердің шындыққа қаншалықты жанасатыны сараптама нәтижесі шыққан соң белгілі болады.

Петропавлда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Жаңалықтар
0