10:09 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1475 0 0

Ауыр жүк көлігі мен автобус жүргізушілері жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Орал — Атырау трассасында жол апатынан Өзбекстан азаматтары қаза болды.

Мамырдың бірінен екісіне қараған түні Лбищенск елді мекеніне жақын маңда ауыр жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Екеуінің де рөлінде өзбекстандықтар болған.  

"Олар жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жатқызылды ", — деді "Мой город" порталына облыстық денаулық сақтау басқармасының мамандары.   

2018 жылдың 18 қаңтарында Самара — Шымкент трассасында 57 адам мінген автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы көз жұмған болатын.   


Загрузка...

Басты тақырып