Қоғам

Сот 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты қаулы шығарды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКАқтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды, оқиға орнынан фото
Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды, оқиға орнынан фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік оқиғаға кінәлі деп айыпталып жатқан жүргізушілерді қамауда ұстау мерзімі екінші мәрте ұзартылды, тергеу жалғасып жатыр

АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында қаңтар айында 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілерін қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл жөнінде "Астана" арнасы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Астана қаласының прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?

"Ақтөбе қаласы нөмірі екінші сотының 2018 жылдың 21 сәуірдегі қаулысымен Қырғызбаевқа, Таңатовқа, Пернебековке қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы 24 мамырға дейін ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", — деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова. 

Жантүршігерлік оқиға 18 қаңтар күні Ырғыз ауданында болған еді. Шымкенттен Қазан қаласына бара жатқан автобус өртеніп, ондағы 55 адамның 52-сі қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы.

Өрт салонды жылыту үшін дәнекерлеуші лампаны қолданғаннан болған. Ал қаңтар айының соңында автобустың аман қалған үш жүргізушісіне абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекетке барды деген айып тағылып, қамауға алынған болатын. Оларды қамақта ұстау мерзімі осымен екінші мәрте ұзартылып отыр. Тергеу жалғасып жатыр.   


Жаңалықтар
0