Оқиға

Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті

© Sputnik / Айгюзель КадирАстана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті
Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті

АСТАНА, 2 шілде  — Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, даршы Василий Пешков Астанада трюк көрсету кезінде арқаннан құлап түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Әуе даршылары" номерін орындау кезінде Василий Пешков өнерін аяқтап қалып, басында әріптесімен ұзын таяқты ұстап арқанмен өткен, алайда шамамен он метрлік биіктіктен құлып кетті. 

Әртісті көтеріп алып кетті. 

"Василий Пешковпен бәрі жақсы", — деп хабарлады кейіннен көрермендерге. 

Әртіс бұрын Австралия, Австрия, Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Голландия, Орталық Америка, Германия және өзге елдерде сәтті өнер көрсеткен.

цирк Дю Солей - Sputnik Қазақстан
Таңғажайып цирк дю Солей

"Азия жаңғырығы" атты оныншы мерейтойлық цирк өнерінің дәстүрлі фестивалі 2 шілдеде басталып, 6 шілдеге дейін жалғасады.  

Фестивальде Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай сынды елдерден келген және Қазақстанның ең үздік цирк әртістері өнер көрсетеді.


Жаңалықтар
0