АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, даршы Василий Пешков Астанада трюк көрсету кезінде арқаннан құлап түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әуе даршылары" номерін орындау кезінде Василий Пешков өнерін аяқтап қалып, басында әріптесімен ұзын таяқты ұстап арқанмен өткен, алайда шамамен он метрлік биіктіктен құлып кетті.
Әртісті көтеріп алып кетті.
"Василий Пешковпен бәрі жақсы", — деп хабарлады кейіннен көрермендерге.
Әртіс бұрын Австралия, Австрия, Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Голландия, Орталық Америка, Германия және өзге елдерде сәтті өнер көрсеткен.
"Азия жаңғырығы" атты оныншы мерейтойлық цирк өнерінің дәстүрлі фестивалі 2 шілдеде басталып, 6 шілдеге дейін жалғасады.
Фестивальде Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай сынды елдерден келген және Қазақстанның ең үздік цирк әртістері өнер көрсетеді.