Оқиға

Республикалық санитарлық авиация орталығы басшысының орынбасары парамен ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сантиарлық авиация қызметі басшысының орынбасары Мадияр Шалғынбаев жеке әуе компанияларынан жүйелі түрде пара алып отырды деген күдікке ілінген

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. "Республикалық санитарлық авиация орталығы" басшысының орынбасары Мадияр Шалғынбаев пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жемқорлыққа қарсы күресу қажет: қоғамдық кеңестер неге үнсіз

Жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, Шалғынбаев 2017 жылы 12 сәуірде 2 миллион теңге пара алу үстінде ұсталған. Агенттік хабарлағандай, ол науқастарды тасымалдауға арналған арнайы әуе көлігі бойынша қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасқаны үшін жекеменшік әуе компанияларының басшыларынан жүйелі түрде пара алып отырған, қылмыстық схемаға қол астындағы қызметкерлерін де араластырған.

Алынатын пара көлемі келісімшарт сомасының 10%-н құраған. Шалғынбаев "Sky Service" ЖШС, "East Wing" АҚ және тағы басқа кәсіпорын басшыларынан жалпы сомасы 130 мың АҚШ долларын құрайтын пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Қазіргі уақытта Шалғынбаев Астана ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар
0