Оқиға

Үшінші апат: Петропавлда балалар ауруханасы мен үйлер жылусыз қалды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖылу жолындағы апат
Жылу жолындағы апат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кезекті апаттың себебі 320 миллиметрлік шіріп кеткен құбыр болды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Петропавлдағы жылу жолындағы апат салдарынан балалар ауруханасы мен бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Петропавлдағы су таратқыш апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда сутаратқышта болған апаттың салдары жойылды

Жексенбі күні кешке Мұқанов және Пушкин көшелері аумағында жылу жолындағы құбыр жарылды. Қайнаған су бірнеше көшені басып, облыстық балалар ауруханасына жолды бөгеп тастады. 

Апат орнына "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ апаттық қызметі аттанды. Қазіргі уақытта оқиға орынында апаттық бригадалардың 20 адамы жұмыс істеп жатыр. 

Айта кетейік, Петропавлда ауа райы күндіз 15 градустан, ал түнде 22-24 градустан көтерілмей тұр. 

Sputnik Қазақстанға "Петропавл жылу желілері" ЖШС бас директоры Игорь Рыбас хабарланғандай, апаттың себебі 320 миллиметрлік шіріп кеткен құбыр болған. 

"18.00 шамасында жылу жолында апат болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апаттық учаскені кесіп тастап, жақын уақытта ауруханаға, содан кейін үйлерге жылу беруге тырысамыз", — деді Рыбас.  


Жаңалықтар
0