АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Петропавлда сутаратқышта болған апаттың салдары жойылды деп хабарлады "Қызылжар" ЖШС баспасөз хатшысы Азиза Табеева.
"Қазіргі уақытта апаттың салдарынан сумен жабдықтау тоқтатылған барлық көп қабатты үйлерге су берілді", — деп мәлімет берді Табеева.
Оның айтуынша, қысымның төмендігінен су жоғары қабаттарға жетпей жатқан үйлер бар, бірақ жуық арада бәрі оңалады деп сендірді кәсіпорынның баспасөз хатшысы.
Кәсіпорынның бас инженері Сергей Визеревтің пайымдауынша, апатқа сапасыз құбыр себеп болуы мүмкін. Ол ТЖ шынайы себептерін сараптама көрсетуі тиіс деп атап өтті.