08:11 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Әлеуметтік желілерде ұлт араздығын қоздырып, РФ қосылуға үндеу тастағаны үшін СҚО тұрғыны сотталып, 5,5 жыл бойы колонияға қамалу жазасына кесілді.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. СҚО тұрғыны әлеуметтік желілерде ұлт араздығын қоздырып, РФ қосылуға үндеу тастағаны үшін сотталып, 5,5 жыл бойы колонияға қамалу жазасына кесілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Петропавл қалалық соты ҚР ҚК 180-бабы 1-бөлігінде (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау) және ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігінде (жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдаланып, ұлттық алауыздықты насихаттау) қарастырылған қылмыстар жасағаны үшін Чуприн Игорь Владимировичке қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Соттың анықтауынша, 2014 жылы қыркүйек айының басында Чуприн ұялы телефоны арқылы "ВКонтакте" желісіне кіріп, желі пайдаланушыларымен жазбаша әңгімелескен. 2014 жылы 1 қыркүйек және 2015 жылы 20 мамыр аралығында Чуприн қазақ ұлты өкілдеріне деген жағымсыз көзқарасын білдіретін түрлі жазбалар жариялаған. 

Сот үкімінде жазылғандай, бұл жазбаларды оқыған азаматтар арасында әлеуметтік шиеленіс туындап, ұлт араздығына және Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға әкеліп соғатын жағдайлар орын алған. 

Сот Игорь Чупринді айыпты деп танып, оны бес жыл алты айға бас бостандығынан айыруға және жазасын жалпы тәртіптік түзету колониясында өтеуге шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Загрузка...

Басты тақырып