00:22 22 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.71
  • EUR495.53
  • RUB5.99
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

"Азбука жилья" құрылыс компаниясының басқармасы Астанада үлесшілердің қаражатын қымқырғаны үшін ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, жәбірленуші тарапқа берілді.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. "Азубка жилья" құрылыс компанияларының елордалық тобының бұрынғы басшылары үлесшілердің қаражатын қымқырғаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейін түрмеге қамалады деп хабарлады Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Он сотталушы "Жеті-Жол", "Гарант", "Комсомольский", "Садовые кварталы", "Экспо Сити", "Expo Town", "Айсанам De Luxe", "Комфорт De Luxe", "Династия" тұрғын үй кешендері үлесшілерінің қаражатын қымқырғаны туралы іс бойынша сот алдына келді.

Соттың анықтауынша, 2011-2015 жылдары Нұрсейітова Оспанова, Омаров, Умаров Е., Умаров М., Мирошниченко, Молдахметов, Носуленко, Жұмаханов, Джакишев және де басқа да тұлғалармен алдын ала келісіп, аса iрi мөлшерде бөтен мүлкті қымқырған.

Сотталушылар ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-пункті бойынша (кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) айыпты деп танылды.

Джакишев пен Молдахметовке сегіз жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимді түзету колониясында өткізу үкімі шығарылды. Жұмаханов пен Нұрсейітоваға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Мирошниченко алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Алайда сотталушының жас сәбиі болғандықтан, сот үкімінің орындалуы бес жылға шегерілді. 

Оспанова, Носуленко, Омаров бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Умаров Е. үш жылға жалпы режимді түзету колониясына қамалды.

Умарова М. алты жылға  шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, материалдық жауапкершілік пен әкімшілік-басқару қызметін атқарумен байланысты қызметтерді иемдену құқығынан бес жылға айырылды.

Негізгі айыпты Тайжановқа қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске жіберілді.  

Загрузка...

Басты тақырып