Астана, 10 қаз – Sputnik, Дмитрий Покидаев. Реттеу деген сөздің астарында үкіметтің проблемалы тұрғын үйлерді бюджет есебінен салғызудан құтылғысы келетіні жатқаны анық. Яғни, тұрғын үйлерді салық төлеушілердің қаражатымен салғызу – бұ тәжірибе Қазақстанда әлемдік дағдарыстың 2008 жылғы алғашқы толқынынан бері басталып, әбден үйреншікті болып кеткен. Халықтың бұған наразылығын да түсінуге болады – бюджет есебінен салынатын үйлерге бірен-саран адамның ғана қолы жетеді. Сол бір бағы жанған "жігітке" бола неге бәрі бірдей ақша төлеуі керек?
Салғың келе ме? Қаржы қауіпсіздігі негізін дайында
Бұл жеке мәселелерді – жұмысты мерзімінде бітірмеген немесе бітпей жатып тастап кеткен салушыларды жауапқа тартуды талап еткен үлесшілер митингісі — мемлекет оп-оңай шеше салды. Бұдан былай Қазақстанда кез келген салушы халықтың қаражатын пайдаланып ғимарат тұрғызу үшін әуелі қаржы қауіпсіздігі негізін әзірлеуі тиіс. Соның арқасында салушылар ақшаны алып, жұмыстан жалтарған кезде, жұмысшылардың наразылығы қанағаттандырылатын болады.
Сонымен, схема мынау: салушы өкілетті компания құрады, бұл компанияның жарғылық капиталына болашақ тұрғын үй салынатын жер телімі, жобалық-сметалық құжаттама, жерге меншік құқығына байланысты жоба құнының 10-15% қамтитын қаражат немесе бітпеген құрылыс енуі тиіс. Сосын салушы мен осы өкілетті компания "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жанындағы тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен үш жақты келісім жасайды. Бұл келісім-шарт капитал жеткіліктілігі нормативтеріне сәйкес, 200 миллиард теңгеден аспайтын сомаға тұрғын нысандарының құрылысына кепілдік ететін мүмкіндік береді.
Осы үш жақты келісімде Қор өкілдерінің қолы қойылғаннан кейін ғана салушы үлескерлердің ақшаларын тартуға кіріседі. Бұл жерде бір заңды аспект аса маңызды: әңгіме "үлескер" мәртебесіне ие құрылысқа қатысушыларға қатысты болып отыр – егер сіз 2016 жылғы 10 қазаннан кейін белгілі бір құрылысқа "бірлесіп инвестиция құю" келісіміне қол қойсаңыз, онда сіз пәтер үшін емес пайда табу мақсатында тәуекел етіп отырған нарық ойыншысы деген мәртебеге ие боласыз. Осындай келісім бойынша салушы сізге бес саусағынан "зеро" көрсетсе, онда бұдан кейін сізге кім кінәлі болады. Биржада да адамдар жеңіліп жатады. Құқық қорғау органдарында сіз ұсынған "бірлесіп инвестиция құю" туралы келісімге осы секілді жауап беруге тиіс.
Ал ұлттық экономика министрлігінде, бұл құқықтық казусты басқаша түсіндіреді. Бүгіннен бастап күшіне енген заң әзірлеушілерінің пікірінше, елімізде тұрығын үй құрылысы саласында үлескерлік құрылыс туралы келісімдер ғана қалуы мүмкін. Бірлесіп инвестиция құю туралы келісімдер мен салушының әлеуетті үлескерді «теңселтіп жіберу» әрекеттері автоматты түрде заңсыз деп танылуға тиіс.
Салушы тоғыз айға кейінге қалдыру мерзіміне ие болды
Жаңа заң шешетін тағы бір маңызды мәселе – салушы ғимаратты пайдалануға беру мерзімін ұзарта алатын нақты уақытты белгілеу. Мәселе шын мәнінде өте маңызды, өйткені қазіргі уақытта бірнеше нысан алып алған құрылыс компаниялары бір нысанды өзге тұрған үй кешендері есебінен салады. Енді тұрғын үйді пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайда құрылыс нысанының жобалық құжатында белгіленген мерзімді үш рет үш айдан ғана ұзартуға болады. Яғни енді құжатқа мерзімді өзгерту енгізу мүмкін емес. Егер үш рет үш айдан, яғни бастапқы "шекті" мерзімнен тоғыз айдан соң салушы нысанды "тумаса", онда автоматты түрде кепілдендірілген жағдай орнайды. Ол жағдайда Кепілдік бері қору құрылысты аяқтап, пәтерлерді үлескерлерге беру міндеттемесін алады. Сонымен қатар нақты нысанның қаражаты басқа мақсаттарға жұмсалған жағдайда да кепілдендірілген жағдай орнайды, бұл ақша 15 жұмыс күні ішінде есепке қайта түсуі тиіс, немесе соңынан салдары туындайтын кепілдендірілген жағдай орнайды.
Үлескердің қырағы көзі
Заңда салушы құруға міндетті өкілетті компанияның, өз кезегінде жеке интернет ресурсы болуы тиіс деп нақты көрсетілген. Ол жерде компания нысан туралы жалпы мәліметтерді, аяқталу мерзімі және құрылыс барысы туралы ақпарат болуы тиіс. Ол айына кем дегенде бір рет жаңартылып тұруы қажет. Жалпы айтқанда, мемлекет жаңа пәтерлеріне қол жеткізе алмай ызаланғандардың қарсылықтарынан, өзін қорғау үшін барлығын жасады. Алайда бұл заңның кері күші жоқ, сондықтан ол осы жолдың 10 қазаны мен одан кейін жасалған келісімдерге ғана таратылады.