00:48 22 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.71
  • EUR495.53
  • RUB5.99
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Ақмола облысындағы мектеп қазандығындағы өртке байланысты отыздан астам оқушы көрші ауылда оқитын болады.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Ақмола облысындағы ауыл мектебінде қазандық өртенді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Sputnik-ке төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде. 

Ведомствоның мәліметінше, 28 қарашада Зеренді ауданында Доңғұлағаш ауыл мектебінің қазандығында өрт шыққан. Өрт ауданы 150 шақырымды құраған. Өртті сөндіруге ТЖД төрт арнайы көлігі қатысқан.

"Өрт шығуының алдын ала себебі жылыту пешін пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Қазандықта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", — деді Зеренді ауданы ТЖБ. 

Өрт сөндірушілер
© Sputnik / Анатолий Устиненко

Зеренді ауданының білім беру бөлімінің хабарлауына сәйкес, сабақтар уақытша көрші ауылда өтетін болады.

"Доңғұлағаш мектебінің 32 оқушысын көрші мектепке тасымалдау ұйымдастырылды. Оқу процессі үзілген жоқ", — деп сендірді білім беру бөлімінде. 


Загрузка...

Басты тақырып