Оқиға

Алматыда "Отырар" қонақ үйінде өрт шықты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмыстық бөлмеде жиһаз өртенді. Өрт екі шаршы метрден әрі тараған жоқ.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Дүйсенбіге қараған түні Алматының орталығындағы "Отырар" қонақүйіндегі өртті сөндіру барысында 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның мәліметінше, қонақ үйінен түтін шыққаны жөнінде хабар 28 қарашада сағат 00:05-те келіп түскен. 

"Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде екінші қабаттағы бөлме түтінге толып кеткен. Өрт ошағы табылды, сонымен қатар эвакуация да жүргізілді. 11 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның үшеуі келушілер, сегізі қызметкер. Жоғары деңгейдегі өрт қауіптілігі расталмады. Өрт сөндірушілердің жетекшісі екінші қабаттағы тұрмыстық бөлмеде жиһаз өртенгенін анықтады", — деді Баймұхамбетова.

ТЖД ақпаратына сәйкес, өрт сағат 00-26-да оқшауланып, сағат 00-32-де толық өшірілді. Өрт шалған аумақ 2 шаршы метр болды. 


Жаңалықтар
0