https://sputnik.kz/20220113/ekonomika-sarapshy-bolzham-19133181.html
Тәртіпсіздіктерден экономикаға $2,5 млрд шығын келді – сарапшы болжамы
Тәртіпсіздіктерден экономикаға $2,5 млрд шығын келді – сарапшы болжамы
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы оқиғалар және 5-19 қаңтар аралығында енгізілген төтенше жағдай режимі сауда, байланыс, құрылыс, көлік және логистика сияқты салаларға қатты әсер... 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T09:05+0500
2022-01-13T09:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_62:0:2466:1352_1920x0_80_0_0_f4848b5dd933304e6f47c071a12cec95.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылғаннан кейін экономикаға келген шығынның көлемі 0,8-2,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ресейдің стратегиялық зерттеулер орталығының вице-президенті Татьяна Радченко РИА Новостиге берген сұхбатында осындай болжам жасады."Қазіргі кезде тәртіпсіздіктердің салдарынан өз жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың санына қатысты нақты мәлімет жоқ. Егер ондай нысандардың саны 15 процентке жетсе, онда 2022 жылда ішкі жалпы өнімнің шығындары 0,8-ден 2,5 миллиард долларға дейін барады", - дейд Радченко.Сарапшы 2021 жылдың мәліметтеріне сүйене отырып, интернет сауданың шығындарын да есептеп шығуға болатынын жеткізді. Оның айтуынша, қаңтар айында Қазақстан экономикасы 144 миллион доллардан қағылады.Осы орайда аймақтарда болған тәртіпсіздіктер де ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Себебі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дәл сол өңірлердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 62,5 процент болған.Сарапшының ойынша, қазақстандықтар қалыпты өмірге бірінші тоқсанның соңында ғана оралған жағдайда экономикаға келген шығынның көлемі 16,8 миллиард долларға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – ішкі жалпы өнімнің 17,8 проценті.Айта кетері, 12 қаңтарда "Атамекен" ҰКП тәртіпсіздіктердің салдарынан отандық бизнеске келген шығынның көлемін 240 миллион долларға бағалады.Оқи отырыңыз: Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_362:0:2165:1352_1920x0_80_0_0_621e0eefd0b91c2e09402cb6617643e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тәртіпсіздіктерден экономикаға $2,5 млрд шығын келді – сарапшы болжамы
09:05 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстандағы оқиғалар және 5-19 қаңтар аралығында енгізілген төтенше жағдай режимі сауда, байланыс, құрылыс, көлік және логистика сияқты салаларға қатты әсер етеді, дейді Радченко
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылғаннан кейін экономикаға келген шығынның көлемі 0,8-2,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ресейдің стратегиялық зерттеулер орталығының вице-президенті Татьяна Радченко
РИА Новостиге берген сұхбатында осындай болжам жасады.
"Қазіргі кезде тәртіпсіздіктердің салдарынан өз жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың санына қатысты нақты мәлімет жоқ. Егер ондай нысандардың саны 15 процентке жетсе, онда 2022 жылда ішкі жалпы өнімнің шығындары 0,8-ден 2,5 миллиард долларға дейін барады", - дейд Радченко.
Сарапшы 2021 жылдың мәліметтеріне сүйене отырып, интернет сауданың шығындарын да есептеп шығуға болатынын жеткізді. Оның айтуынша, қаңтар айында Қазақстан экономикасы 144 миллион доллардан қағылады.
Осы орайда аймақтарда болған тәртіпсіздіктер де ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Себебі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дәл сол өңірлердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 62,5 процент болған.
"Қазақстандағы оқиғалар және 5-19 қаңтар аралығында енгізілген төтенше жағдай режимі сауда, байланыс, құрылыс, көлік пен логистика, сондай-ақ халыққа арналған қызмет, қонақ үй бизнесі сияқты салаларға қатты әсер етеді. Ал тәртіпсіздіктер болған аймақтар ел экономикасына, соның шінде дәл осы секторларға айтарлықтай үлес қосып отыр", - деп атап өтті Радченко.
Сарапшының ойынша, қазақстандықтар қалыпты өмірге бірінші тоқсанның соңында ғана оралған жағдайда экономикаға келген шығынның көлемі 16,8 миллиард долларға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – ішкі жалпы өнімнің 17,8 проценті.
Айта кетері, 12 қаңтарда "Атамекен" ҰКП тәртіпсіздіктердің салдарынан отандық бизнеске келген шығынның көлемін 240 миллион долларға бағалады.