Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVПоследствия бурных протестов в Алматы
Последствия бурных протестов в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 528 бизнес субъекті анықталды
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келген шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
2022 жылдың 11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша алматылықтардың шығыны 93,8 миллиард теңгеге жеткен.
"Байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: тонау мәселесі бойынша – 1 669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 671", - деп хабарлады "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 709 нысанда орналасқан 1 528 бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1 578 нысанда орналасқан 1 408  субъект зардап шеккен.
Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2.
Оқи отырыңыз: Мемлекет жаппай бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектеседі
Жаңалықтар
0