https://sputnik.kz/20211225/talibter-qazaqstan-sauda-palatasy-18985552.html
Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті
Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті
Sputnik Қазақстан
Ауған БАҚ Талибан Үкіметі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың кездесуі туралы хабарлады 25.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-25T19:53+0500
2021-12-25T19:53+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15022684_0:0:3622:2048_1920x0_80_0_0_767bac86f1d5db5822e2eeaf30bac044.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Талибанның сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен жүргізілген келіссөздер туралы айты, деп хабарлайды Ауғанстанның Tolo News телеарнасы."Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен өткен баспасөз мәслихатында екі елдің сауда байланысы жақсы екенін және Кабул оны кеңейтуді қалайтынын айтты. Азизи екі ел арасында бірлескен сауда палатасын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ол Кабулда қазақстандық банктер филиалдарын ашу және сауда байланысын дамыту үшін Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы "әуе дәлізін" қалпына келтіріліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.Ақпарат екі ел делегацияларының кездесуік кезінде түсірілген суреттермен толықтырылды.Өз кезегінде, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі соңғы 10 айда 27%-ке төмендегенін жеткізді.Қазақстан министрлігінің баспасөз қызметі Бақыт Сұлтановтың Талибанмен кездесуін растамады және жоққа шығарған да жоқ. Жүргізілген келіссөздер туралы ресми хабарлама әлі жарияланбады.Қазан айында Ауғанстанға президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация барған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15022684_82:0:3340:2048_1920x0_80_0_0_1c171222ababf9adaf8f9b34996b4713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті
19:53 25.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ауған БАҚ Талибан Үкіметі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың кездесуі туралы хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Талибанның сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен жүргізілген келіссөздер туралы айты, деп хабарлайды Ауғанстанның Tolo News телеарнасы.
"Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен өткен баспасөз мәслихатында екі елдің сауда байланысы жақсы екенін және Кабул оны кеңейтуді қалайтынын айтты. Азизи екі ел арасында бірлескен сауда палатасын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ол Кабулда қазақстандық банктер филиалдарын ашу және сауда байланысын дамыту үшін Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы "әуе дәлізін" қалпына келтіріліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.
Ақпарат екі ел делегацияларының кездесуік кезінде түсірілген суреттермен толықтырылды.
Өз кезегінде, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі соңғы 10 айда 27%-ке төмендегенін жеткізді.
Қазақстан министрлігінің баспасөз қызметі Бақыт Сұлтановтың Талибанмен кездесуін растамады және жоққа шығарған да жоқ. Жүргізілген келіссөздер туралы ресми хабарлама әлі жарияланбады.
Қазан айында Ауғанстанға президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация барған болатын.