Экономика

Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті

Бахыт Султанов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
Ауған БАҚ Талибан Үкіметі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың кездесуі туралы хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Талибанның сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен жүргізілген келіссөздер туралы айты, деп хабарлайды Ауғанстанның Tolo News телеарнасы.
"Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен өткен баспасөз мәслихатында екі елдің сауда байланысы жақсы екенін және Кабул оны кеңейтуді қалайтынын айтты. Азизи екі ел арасында бірлескен сауда палатасын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ол Кабулда қазақстандық банктер филиалдарын ашу және сауда байланысын дамыту үшін Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы "әуе дәлізін" қалпына келтіріліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.
Ақпарат екі ел делегацияларының кездесуік кезінде түсірілген суреттермен толықтырылды.
Өз кезегінде, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі соңғы 10 айда 27%-ке  төмендегенін жеткізді.
Қазақстан министрлігінің баспасөз қызметі Бақыт Сұлтановтың Талибанмен кездесуін растамады және жоққа шығарған да жоқ. Жүргізілген келіссөздер туралы ресми хабарлама әлі жарияланбады.
Қазан айында Ауғанстанға президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация барған болатын.
Жаңалықтар
0