Экономика

Министрліктер мен әкімдіктер бюджет ақшасын игере алмай жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары    
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет ақшасын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8%-ке атқарылды.
"Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 триллион теңгені құрады. 81 миллиард теңге атқарылмады, оның ішінде 15 миллиард теңге үнемделген. Игерілмегені –  66 миллиард теңге", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Неғұрлым ірі соманы игермеген ведомстволар – мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктері.
Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу; орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 триллион теңгені құрады. 327 миллиард теңге атқарылмаған.
Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2 триллион 157 миллиард теңге бөлінді. Оның 94,2%-і игерілді.
"Атқарылмағаны – 124 миллиард теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 миллиард теңге", - деді ведомство басшысы.
Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.
Жаңалықтар
0