https://sputnik.kz/20211209/ministrlikter-akimdikter-byudzhet-18864356.html
Министрліктер мен әкімдіктер бюджет ақшасын игере алмай жатыр
Министрліктер мен әкімдіктер бюджет ақшасын игере алмай жатыр
Sputnik Қазақстан
Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T09:57+0500
2021-12-09T09:57+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
бюджет қаражаты
әкімдік
министрлік
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_62:0:2466:1352_1920x0_80_0_0_f4848b5dd933304e6f47c071a12cec95.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет ақшасын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8%-ке атқарылды.Неғұрлым ірі соманы игермеген ведомстволар – мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктері.Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу; орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі.Сондай-ақ министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 триллион теңгені құрады. 327 миллиард теңге атқарылмаған.Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2 триллион 157 миллиард теңге бөлінді. Оның 94,2%-і игерілді."Атқарылмағаны – 124 миллиард теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 миллиард теңге", - деді ведомство басшысы.Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_362:0:2165:1352_1920x0_80_0_0_621e0eefd0b91c2e09402cb6617643e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты, әкімдік, министрлік
бюджет қаражаты, әкімдік, министрлік
Министрліктер мен әкімдіктер бюджет ақшасын игере алмай жатыр
09:57 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет ақшасын игере алмай жатқан министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8%-ке атқарылды.
"Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 триллион теңгені құрады. 81 миллиард теңге атқарылмады, оның ішінде 15 миллиард теңге үнемделген. Игерілмегені – 66 миллиард теңге", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Неғұрлым ірі соманы игермеген ведомстволар – мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктері.
Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу; орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 триллион теңгені құрады. 327 миллиард теңге атқарылмаған.
Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2 триллион 157 миллиард теңге бөлінді. Оның 94,2%-і игерілді.
"Атқарылмағаны – 124 миллиард теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 миллиард теңге", - деді ведомство басшысы.
Қаржыны ең көп игермеген әкімдіктер – Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.