14:40 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
665 0 0

Бұл бір доллар бағамының 430 теңге белгісіне дейін жетуі мен соңғы күндері теңгенің әлсіреуіне байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Шетел валютасына сұраныс компаниялар тарапынан ғана емес, халық тарапынан да өсті, дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, бір доллардың 430 теңге белгісіне дейін жетуі және соңғы күндері теңге әлсіреуіне байланысты орын алды.  

"Банктік және банктік емес айырбастау пункттері арқылы қолма-қол валютаны сатып алу, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің онлайн-платформалары арқылы қолма-қол ақшасыз валютаны сатып алу көлемі ұлғайды. Бүгінде онлайн режимде өтетін айырбастаудың көлемі өте үлкен. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап айырбастау пункттеріне қойылатын талаптар күшейтілгеннен кейін биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша, банктік емес айырбастау пункттерінің саны шамамен 40%-ке қысқарды", - деді ол.

Әлия Молдабекованың мәліметінше, банктік емес айырбастау пункттері қолма-қол шетел валютасын екінші деңгейлі банктерден сатып алады. Екінші деңгейлі банктердің айырбастау пункттері тарапынан сұраныстың артты. Мәселен, егер биылғы үшінші тоқсанда айырбастаушылар тарапынан сатып алудың орташа айлық көлемі 280 млн долларды құраса, қазан-қарашаның бірінші жартысында оның көлемі 380 млн долларға дейін өсті.

"Сұраныстың өсуі биржадағы валюта бағамдары мен айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары арасындағы айырмашылықтың (спред) артуына алып келгенімен, қолма-қол доллардың жетіспеушілігі байқалмайтынын атап өтемін. Айырбастау пункттеріне сату көлемін және сату бағамын банктер дербес белгілейді. Нарықтық бағам қалыптасуы жағдайында жоғары сұраныс пен шектеулі ұсыныс шетел валютасының тапшылығына емес, теңге бағамының осы сұраныс пен ұсынысты теңгеретін деңгейге дейін әлсіреуіне алып келеді", - деді ол.   

Ол сонымен қатар теңгенің әлсіреу себептерін де айтып берді.

Айтуынша, теңге бағамының қарқыны сыртқы және ішкі нарықтардағы қазіргі үрдістерді көрсетеді. Ең алдымен, бұл – қазанның соңында басталған мұнай бағасының құлдырауы. Аталған факторлар, теңгені қоса алғанда, дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келді.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Ұлттық банк, теңге, доллар, ақша айырбастау
Загрузка...

Басты тақырып