НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин электр энергиясымен қамтамасыз ету саласында туындаған жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Жамбыл ГРЭС пен Екібастұздағы нысанға қатысты айтсам, оларды жөндеуден шығарып, қосымша 2 мың МВт-тан астам қуат аламыз. Бұл экономикадағы және халыққа қажетті электр энергиясына қатысты туындаған мәселені шешеді", - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.
Қазақстанның премьері "елде электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша ешқандай проблема туындамайды" деп сендірді.
"Барлығы өз өндірісіміздің есебінен қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді Мамин.
Биыл күзде Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатын жеткізу бойынша шектеу енгізілді. Билік бұл проблема майнинг фермаларының қызметімен байланысты екенін мәлімдеді. Осы проблеманы шешу үшін Қазақстан көршілес Ресейден электр энергиясын сатып алуды жоспарлады.
2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 8%-ке өсті. Ал өткен жылдары оның өсімі жылына 1-2%-ті құрады.
Оқи отырыңыз: