Қоғам

Маман болжам жасады: қазақстандықтарды қараша айында не күтіп тұр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Жұлдызнамашы қараша айында болатын астрономиялық құбылыс адамдарға, олардың көңіл-күйі мен тірлігіне қалай әсер ететінін болжады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қараша айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наразылық 

"Қараша айының басында міндетті вакцинация талабы қоғамда наразылық көңіл-күйді күшейтеді. Халықаралық деңгейде азық-түлік, шикізатты елге әкелуге шектеу енгізу немесе көлемін ұлғайту туралы келісімшарттарға қол қойылуы мүмкін. Жаһандық жылыну мәселесі қайта қозғалады. Шарықтап кеткен газ бағасы тұрақтанады деген болжам бар", - деді Әбдірайымова.

Жұлдызнамашы 19 қарашада адамдар Ай жартылай тұтылуына куә болатынын атап өтті. Айтуынша, астрономиялық құбылыс Торпақ-Сарышаян белгісінде өтеді.

"19 қараша мен 4 желтоқсан аралығында біз тұтылу дәлізіне кіреміз. Тұтылу дәлізі – Ай мен Күннің тұтылуы арасындағы кезең. Тұтылудың негізгі энергиясы – шектен тыс оптимизм, іс-қимылға, әрекет етуге құлшыныс", - деді маман.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Торпақ белгісі ақша, жиып-терген дүние-мүлік, материалдық құндылықтарды, сонымен қатар жайлы өмір мен қауіпсіздікке ұмтылуды, өз-өзіңді бағалау, қадір-қасиетіңді қорғауды білдіреді.

Ал Сарышаян – бөтен біреудің немесе ортақ ақша, банктегі жинақ, сондай-ақ өмірге жаңа көзқараспен қарау уақыты.

Ай күндеріне астроболжам

1 қараша – оптимизм, ақыл-ой жұмысы, өз біліміңді көрсетуге деген ынта-ықылас.

2, 3 қараша – энергия алмасуы, ішкі жан-дүниедегі тартыс, қарама-қайшылық, мазасыздық, толқу және стихиялық митингтер. Сол себепті бұл ынтымақтастыққа, инвестиция құюға, ота жасатуға, алыс сапарға шығуға қолайсыз кезең. Адамдардың бір нәрсеге көңілі толмай, ашуланшақ болады. Мұның себебін, тіпті, өздері де білмейді.

4, 5 қараша – өзгерістерге бетбұрыс, революциялық көңіл-күй мен түбегейлі шешімдер қабылдау уақыты. Бұл кезеңде дау-жанжалдан аулақ болыңыз.

5 қараша – жаңа Ай туады.

7, 8 қараша  – шешім қабылдауға таптырмас күн саналады. Егер әлдекімге өкпе-назыңызды білдірсеңіз, ол сіздің айтқаныңызға құлақ асады. Сондай-ақ сауда-саттық үшін қолайлы уақыт.

9, 10 қараша  – күрделі кезең. Көлік жүргізгенде, абай болыңыз. Электр энергиясымен проблема болуы ықтимал. Адамдар қызбалыққа салынып, ұсақ-түйекке ашуланады, асығыстық танытады.

11, 12 қараша  – күмәншілдік, мазасыздық, шаршау, қатыгездік кезеңі. Қажетті ақпарат кешігеді. Жақын адамдар сізді түсінбейді, туыстармен, көршілермен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін, жоспар кенеттен өзгеріп, келеңсіз жәйттер болуы ғажап емес.

13, 14 қараша – жұмыс ырғағы бұзылады, жоспарды өзгертуге тура келуі мүмкін. Ал мұның соңы ұрысқа, ашушаңдыққа, күйгелектікке әкеледі. Ең дұрысы, бұл кезеңде оңашаланып, сүйікті іспен айналысу. Театрға, көрмеге, поэтикалық кешке немесе киноға барып, уақытты қызықты өткізуге болады.

15 қараша – өз-өзіңді ұстап, ашу-ызаға ерік бермеген абзал.

16, 17 қараша – іс-қимылға көшуге және проблемаларды шешуге сәтті кезең.

18, 19 қараша – армандау, сезімге берілу, қиял-ғажайып әлеміне саяхат уақыты. Бірақ мұқият болыңыз. Себебі бұл күндері көңіл-күй құбылып тұрады. Көтеріңкі көңіл-күйде жүрген адам аяқ асты ренжіп, жылап, өкпелеп қалуы мүмкін.

20 қараша – бәрі тынышталады.

22 қарашадан бастап ай соңына дейін – жеке және серіктестік, іскерлік байланыстарды күшейту мерзімі. Ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа, отбасын құруға таптырмас кезең. Шығармашылық, келіссөз, сапар, сондай-ақ ұжыммен, серіктестермен, таныс адамдармен қарым-қатынасты жолға қою уақыты.

Жаңалықтар
0