05:14 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Экономика
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Жобаны 2024 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. ЕЭК алқасы мемлекеттік сатып алулар кезінде ЕАЭО елдерінің электронды цифрлық қолтаңбаны өзара мойындау жоспарын қабылдады. Бұл әлеуетті жабдықтаушылардың сатып алуларға еш кедергісіз қатысуына мүмкіндік береді, деп хабарлады брифинг барысында ЕЭК ресми өкілі Ия Малкина.

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес үшін көп талқыланған өзекті мәселенің бірі болды.

Осы құжат аясындағы жұмыс үш жылға созылды. ЕЭК хабарлағандай, оны 2024 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

"Электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану және оның шынайылығын тексеру бойынша бірыңғай ережені, сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды дайындау осы бағыттағы келесі қадам болады. Бұл ережелерді екі жылдың ішінде қабылдау көзделіп отыр", - деп түсіндірді Малкина.

ЕЭК ресми өкілі осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жабдықтаушыларымен тікелей сатып алулар аясында 50 миллион долларға келісімшарт жасалғанын айтты. ЕАЭО елдерінен шығатын тауарларды сатып алудың жалпы көлемі 230 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80 миллион долларға өскен.

ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан кіреді.

Оқи отырыңыз:

Загрузка...

Басты тақырып