22:02 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Экономика
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев Sputnik Қазақстанға Алматыда өткен монополияға қарсы форум барысында талқыланған ЕАЭО елдеріндегі азаматтарға қатысты маңызды мәселер туралы айтып берді

- Бүгінгі күні ЕАЭО елдерінде роумингті алып тастау бағытындағы жұмыстар қалай жүріп жатыр?

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде әділ тарифтер енгізу бойынша жоспар жобасы ұйымға кіретін елдердің ұсыныстарын ескеру арқылы дайындалды. Біз роумингті алып тастау бойынша әлем тәжірибесін зерттедік, ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында халықаралық роумингтегі ұялы байланыс үшін баға белгілеу ерекшелігіне талдау жүргіздік, роумингтегі байланыс қызметінің бағасын зерттедік, байланыс саласындағы Еуразия экономикалық одағының құқықтары мен мүше мемлекеттердің заңнамаларына шолу жасадық.

Сонымен қатар мүше мемлекеттердің электронды байланыс операторлары желілерінде алаяқтық туындау қауіптеріне анализ жүргіздік. Одақтас мемлекетте (Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы) роумингті алып тастау тәжірибесіне де зер салдық.

2021 жылдың 13 сәуірінде комиссия алқасы жоспар жобасын мақұлдады. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттерден жобаға арналған қосымша ұсыныстар келіп түсті де, біз сол ұсыныстар бойынша қосымша консультациялар жүргіздік. Бүгінгі күні барлық ұсыныстар келісілді. 2021 жылдың 29 қазанында ЕЭК Кеңесі осы жобаны қарастырады.

- Еуразия монополияға қарсы форумында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары үшін маңызды болатын тағы қандай мәселелер талқыланды? Нақты қандай шешімдер қабылданды?

- "Үшінші" мемлекеттерге қатысты Комиссияға экстрааймақтық өкілеттік беру қажеттілігі біз үшін аса маңызды мәселе болды. ЕЭК үшін бұл бастаманы ұлттық монополияға қарсы органдардың қолдауы өте маңызды. Заңды тұлға ретінде тіркеуден өтпестен, мемлекет территориясында бәсекелестік ережелерін бұзғаны үшін шетелдік шаруашылық субъектілерін жауапкершілікке тарту барлық елдегі монополияға қарсы органдар үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Ұйым елдерінің аумағындағы қарсы әріптестеріне талап қоятын шетелдік компания бізде сәйкес өкілеттік болмағандықтан, көп жағдайда жазасыз қалып қояды. Сондықтан ЕАЭО құқығына монополияға қарсы комплаеанс институтын (комплаеанс – бұл заңды сақтау аясында корпоративті бизнес әдебін енгізу және компания қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттерінің алдын алуға арналған бастамалар кешені – Sputnik) енгізу талқыланған негізгі мәселенің бірі болды.

ЕЭК бастамасы ISO халықаралық стандарттары базасында монополияға қарсы комплаеанс стандарттарын әзірлеуді қамтып отыр. Комплаеансты сапа менеджменті мен компаниядағы сын-тәуекелдерді басқару жүйесінің бір бөлігі етіп белгілеу керек.

Сонымен қатар сауда желілері үшін әділ әрі таза тәжірибелер ұсыну жобасы өзін-өзі реттеу саласындағы ЕЭК бастамасы болып отыр. Бұл құжаттың әкімшілік реттеу күші немесе мәжбүрлі түрде қолдану сипаты жоқ. Бұл өз тұтынушысы үшін ашықтық пен қамқорлық белгісі іспеттес болады.

- ЕАЭО ішкі нарығында бағаны реттеу бойынша ЕЭК жұмысына тоқталсаңыз. Одақта қалыптасқан бағаны мемлекеттік реттеу туралы хабарландыру механизмі қаншалықты тиімді жұмыс істеп тұр? Бүгінгі күні осы саладағы жұмыстар қай бағытта орындалып жатыр? ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін олардың әсері қандай болады?

- Одақ туралы келісімшартта бағаны реттеу мәселелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық құзіретіне жатқызылған. Яғни реттеуді енгізу немесе енгізбеу туралы шешімді әр мемлекет өзінің ішкі экономикалық жағдайына қарай қабылдайды.

Комиссия өкілеті Одақ туралы келісімшартта жазылған және осы өкілеттік аясында комиссия мына әрекеттерді орындайды:

  • бағаны реттеуді енгізу туралы келіп түскен хабарламаларды қарастырады;
  • ұйымға мүше мемлекеттердің бағаны реттеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы өтініштерін қарастырады;
  • бағаны реттеуді жою туралы өтініштерді қарастырады және тиісті шешім қабылдайды.

Өтініштерді қарастыру кезінде комиссия ұйымға мүше мемлекеттердің барлық құзырлы органымен консультациялар жүргізеді, тұтыну нарығындағы жағдайды жан-жақты қарастырады, бағаны реттеу бәсекелестікке қалай ықпал еткеніне талдау жүргізеді.

Бағаны реттеуді енгізу туралы хабарландыру механизмі жақсы жұмыс істеп тұр. Соңғы екі жылдағы тәжірибе тараптар бұл механизмді 13 рет (7 рет - Беларусь, 3 рет - Қазақстан, 2 рет - Қырғызстан және 1 рет - Ресей) қолданғанын көрсетті.

Ұйымға кіретін мемлекеттер мен комиссия коронавирус пандемиясы жағдайында тұтыну нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша міндеттерді орындауда.

Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақ деңгейінде бағаға мониториг жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін пысықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

ЕАЭО елдері өзара есеп айырысуда доллардан бас тартуы керек - ЕЭК министрі
Қазақстан Ресейге металл сынығын жеткізуді жаңғыртты – ЕЭК
ЕАЭО елдері локдауннан кейін экономиканың қарқынды өсімін күтуде – ЕЭК министрі
Газ тарифі мәселесі 2022 жылға қарай реттеледі – ЕЭК министрі
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, баға, форум, экономика
Загрузка...

Басты тақырып